Bugin

Жапаров мәлімдеме жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Садыр Жапаров қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

«Ата-бабамыздан мұра болып қалған бір шаршы метр жерді де ешкімге бермейміз! Біз ұлттық мүддемізді қорғауда табанды боламыз!» - деді Жапаров. 

Осы уақытқа дейін «бейбітшілік орнату, қақтығыс ошақтарындағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін»Баткен облысында төтенше жағдай режимі жарияланғаны белгілі. Облыстан 130 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Тәжікстан жағынан Ош облысына қарай шекарада да атыс болып жатыр.

Ал, бүгін таңертең Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің шекара әскерлері шекарадағы салыстырмалы тұрақтылық туралы хабарлады. Бұл ретте қырғыз тарапынан атысты тоқтату келісімінің талаптары бұзылып жатқаны атап өтілді. Атап айтқанда, Самарқанд пен Көктөш елді мекендері аталып, олардан қырғыз тарапы Тәжікстанның шекаралас аймақтарын атқылап жатыр.

Екі тарап та қаза тапқандар мен жараланғандарды жариялайды, олардың арасында әскерилер де бар.

Сонымен қатар, Asia Plus мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айларында Тәжікстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы 10 млн долларды құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45%-ға аз.

Елдер арасындағы жалпы тауар айналымының 94%-ға жуығын Тәжікстанның Қырғызстаннан импорттаған өнімдері құрайды. 2021 жылдың қорытындысы бойынша тәжік-қырғыз тауар айналымының көлемі 30%-ға қысқарып, Тәжікстанның жалпы сыртқы саудасындағы 0,4%-ды ғана құрады.